Алматының кей көшелерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Алматының кей көшелерінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Сурет:Tvsamara.ru

Сол себепті алматылықтардың жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлағандары жөн.

4 шілдеге дейін Алматының кейбір көшелерінде жол жөндеу жұмыстарына байланысты  көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Құрметті алматылықтар! Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 29 маусым мен 4 шілде аралығында сағ. 22:00-ден 06:00-ге дейін Сейфуллин даңғылының Қазыбек би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі бөлігінде, сондай-ақ 29 маусым мен 2 шілде аралығында сағ. 22:00-ден 06:00-ге дейін Райымбек даңғылының Өтеген батыр және Емцов көшелерінің аралығындағы бөлігінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», – делінген Алматы қалалық мобильдік басқармасының Facebook парақшасындағы хабарламасында.