Ұлттық Банк базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді

Ұлттық Банк базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді
Сурет: Inform.kz

Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді.

ҚР Ұлттық Банкі базалық ставканы 13,5%-ға дейін көтерді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді», - делінген ҚР Ұлттық Банкі таратқан хабарламада.

ҚР Ұлттық Банкі бұл шешімге қатысты кейінірек толық мәлімет тарататынын мәлімдеді.