Спортшы Кристина Овчинникова өз таңдауын жасады

Спортшы Кристина Овчинникова өз таңдауын жасады
Сурет: Сайлау 2023 ТГ

Кристина ел өміріндегі шараларға белсене қатысады.

Алматылық жеңілатлетикалық спортшы Кристина Овчинникова Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру үшін өзінің сайлау учаскесіне барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Айта керлігі, спортшы өз үлесін қосып, ел өміріне белсенді қатысады.

«Біздің елімізде өтетін сайлау сөзсіз маңызды. Маған ұнайды, бұл сайлау президенттік сайлау сияқты «барлығына қарсымын» графасының пайда болуымен ерекшеленеді. Егер сіз өзіңіздің азаматтық ұстанымыңызды білдіргіңіз келсе және ұсынылған кандидаттардың ешқайсысы сізге ұнамаса – сіз бәріне қарсы дауыс бере аласыз – бұл сіздің ұстанымыңыз болады және ол есептеледі. Қалай болғанда да, біз партиялардан депутаттарды таңдаймыз, шешім осыған байланысты болады. Әр партияның өз саясаты, өзіндік көзқарасы бар. Көптеген кандидаттардың ұсынылғаны өте жақсы. Қазақстан дұрыс бағытта келе жатқанына сенгім келеді», - деп атап өтті Кристина Овчинникова.