Қазақстанның көптеген өңірлерінде жаңбыр жауады

Қазақстанның көптеген өңірлерінде жаңбыр жауады
Сурет: Proza.ru

Кей жерлерде шаңды дауыл соғады.

Шілденің 8-і күні Қазақстанның көптеген өңірлерінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде + 23+25, күндіз + 36+38.

«Оңтүстік циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, батыста және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігінде ғана жоғары қысымды алқаптың әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл соғып, республиканың батысы, солтүстік-батысы мен шығысында бұршақ жаууы ықтимал», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.