Жұмыс берушілер қызметкерлеріне 4 млрд 880 млн теңгеден астам қарыз болған

Жұмыс берушілер қызметкерлеріне 4 млрд 880 млн теңгеден астам қарыз болған
Сурет: Agroinfo.kz

Мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмысшылардың құқын қорғаған.

«Ағымдағы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 772 кәсіпорнында 21,5 мың жұмыскердің алдында 4 млрд 880 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады», - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 918 нұсқама беріліп, 105,1 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 20,1 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 4 млрд 718 млн. теңге төленді.