Соңғы тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды

Соңғы тәулікте 5 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: 24.kz

Өткен тәулікте 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Алматы қаласында - 3,

Шымкент қаласында – 2.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 1 305 691 жетті. Сондай-ақ өткен тәулікте 11 адам коронавирустан жазылды. 22 мамырдағы мәлімет бойынша, 135 адам коронавирус инфекциясынан (–81+ және 54 КВИ-) емделіп жатыр.

Олардың ішінде 49 пациент стационарда, 86 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 7 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.