Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды

Солтүстік Корея тағы зымыран ұшырды
Сурет: Ашық дереккөз

Солтүстік Корея жыл басынан осымен 20-шы рет зымыран ұшырып отыр

Солтүстік Корея тағы алыс қашықтықтағы стратегиялық зымырандарды сынақтан өткізді. Бұл туралы осы елдің Орталық ақпарат агенттігі хабарлады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қару Сары теңізге қарай ұшырылып, 2 мың шақырым жерге жетті. Сынақты осы елдің басшысы Ким Чен Ын өзі басқарған. Пхеньян шара зымырандардың қуатын арттырып, жетілдіру үшін жүзеге асырылғанын айтады. 

Солтүстік Корея жыл басынан осымен 20-шы рет зымыран ұшырып отыр. Өткен сейсенбі күні тағы Жапония үстімен алыс қашықтағы зымыран атып, Вашингтон мен Токио оны қатты сынға алған болатын.