СІМ өкілі қазақстандықтарды Ресейден эвакуациялау туралы айтты

СІМ өкілі қазақстандықтарды Ресейден эвакуациялау туралы айтты
Сурет: ашық дереккөз

Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі оқиғалар фонында қазақстандықтарды эвакуациялау қажеттілігін бағалады, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров екі ел арасындағы шекараның ашық екенін және Ресейде ешқандай соғыс жарияланбағанын атап өтті.

"Ресейдегі жағдайға байланысты елге қайтқысы келген студенттер болды. Кейінгі 2-3 күнде азаматтарымызды неге эвакуацияламайсыздар деген сұрақтар көп болды. Екі ел шекарасы ашық, Ресейде ешқандай соғыс жарияланған жоқ деп жауап беремін. Әуе қозғалысы да қалыпты жұмыс істеп тұр, пойыздар мен көліктер жүріп жатыр. Әр адамның өз еркі бар. Бұл біздің азаматтарды эвакуациялайтын жағдай емес", - деді ол.

Оның айтуынша, биылғы бірінші тоқсанда Ресейдің көші-қон қызметіне 110 мыңнан аса қазақстандық тіркелген, оның 65 мыңнан астамы - студенттер.