Шұжық ішіне жасырылған телефонды колонияға алып өтпек болған

Шұжық ішіне жасырылған телефонды колонияға алып өтпек болған
Сурет: Polisia.kz

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №12 барынша қауіпсіздігі жоғары мекемесіне тыйым салынған заттарды өткізуге әрекет жасалды.

Телефонды шұжықтың ішіне жасырған ер адам оларды бандероль арқылы жіберді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының арқасында заңсыз өткізу фактісінің жолы кесілді. Бандерольден ішінен шыққан MI телефоны тәркіленді. 

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша материал жиналып, ер адамға қатысты шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, – деді ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.