Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Сурет: Ашық дереккөзі

Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі

Еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Абай ауданының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с жел соғады.

Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі жалғасады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай күтіледі. Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан екпіні 25 м/с жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. 

Қостанай облысының оңтүстігі мен Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тау асуларында шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Ауданның басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.