Шығыс пен солтүстікте қар жауады

Шығыс пен солтүстікте қар жауады
сурет: Inform.kz

Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қазгидромет синоптиктерінің 25-27 қыркүйек аралығына жасаған ауа-райы болжамы бойынша еліміздің солтүстігі мен шығысында қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, бұған екі циклонның - солтүстік-батыс және оңтүстік циклондардың бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады, республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбырдың қарға ауысуы мүмкін, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде 7-15, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде 3 аяздан 5-ке,  3-11 жылуға дейін, күндіз 13-23-тен 3-13 жылуға дейін төмендейді. Елдің солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер 2-7 аяздан 3-8 жылуға дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 жылуға дейін болады деп болжануда. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде 5 аяз 5 жылуға, күндіз 7-17 жылу аралығында. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына келсек, түнде 5-15-тен 10-17-ге дейін жылу, күндіз 25-32-ден 18-25-ке дейін жылу төмендейді деп күтілуде», деп хабарлады Қазгидромет.