«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді

«Шымбұлақ» Гиннестің рекордтар кітабына енді
Сурет: Inform.kz

«Шымбұлақ» ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы бар курорт ретінде енді, - деп хабарлайды  Almaty-akshamy

Сертификат тапсыру және рекорд нәтижесін ресми тіркеу рәсімі теңіз деңгейінен 3200 метр биіктікте «Талғар асуы» станциясында өтті. 

Guinness World Records офисінің судьясы Шейд Субаши-Гемиджи тау шаңғысы курортының басшылығына әлемдік рекордты растайтын сертификат табыс етті.

«Шымбұлақ» тау курорты әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын алғанын қуана хабарлаймын. Бұл – әлемдегі жаңа рекорд», - деді Шейда Субаши-Гемиджи.

Судья ең ұзын түнгі жолдың ең төменгі рекорды теңіз деңгейінен 3100 метр биіктікте екенін айтты. Іс-шара соңында лента салтанатты түрде қиылып, түнгі ең биік шаңғы трассасынан жаппай сырғанап түсу рәсімі өтті.