Сенатта ЕАЭО техникалық регламенттерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу туралы келісім талқыланды

Сенатта ЕАЭО техникалық регламенттерінің сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу туралы келісім талқыланды
Сурет: Сенат

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді

Сенатор Дәурен Әділбековтың төрағалық етуімен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Онда сенаторлар «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Құжат Одаққа мүше мемлекеттер аумақтарындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау жөніндегі мемлекеттік бақылау органдарының өзара іс-қимылын реттейді. Бұл – тиісті органға құжаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату қажеттігі туралы ұйғарым жасауға шешім қабылдау үшін де маңызды. Сонымен қатар, келісім ережелері Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің мүше мемлекеттердің аумақтарында айналымға  шығуын болдырмауға бағытталған.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.