Алматылық өнерпаз АҚШ-та өткен әлемдік додадан жүлделі оралды

Алматылық өнерпаз АҚШ-та өткен әлемдік додадан жүлделі оралды
Сурет: City-yaroslavl.ru

Жас өнерпаз "вокал" және "аспаптық өнер" сынды бірнеше аталым бойынша бақ сынаған.

10 жастағы Әмина Арыстанбек Лос-Анджелес қаласында ұйымдастырылған «World Championships of Perfoming Arts» сайысында күміс және қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Додаға әлемнің 100 елінен 6 мыңға жуық үміткер қатысқан. Айта кетейік, Әмина Арыстанбек - аталған жарыстың жартылай финалына шығып, жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық өнерпаз.

«Қазылар алқасының өзі қол шапалақтап, жиналғандар зор қошемет көрсетті. Сайыста «Көкке өрле» деп аталатын авторлық шығармам мен «Мен қазақ қызы» деген әнді шырқадым. Жиналғандарға қатты ұнаған сыңайлы. Болашақта бұдан биік белестерді бағындырамын деген үміттемін», - деді әнші, халықаралық байқаудың жүлдегері Әмина Арыстанбек.