Сарығаштағы қыздың қазасына байланысты Тоқаев тапсырма берді

Сарығаштағы қыздың қазасына байланысты Тоқаев тапсырма берді
Сурет: ашық дереккөз
Күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыздың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Құқық қорғау органдары істі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды.
Қолда бар ақпарат бойынша, күдікті бұған дейін кісі өлтіргені үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Биыл оған адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені үшін 3 жылға бас бостандығын шектеу жөнінде үкім шығарылған.
Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне болған қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды. Тоқаев биыл шығарылған сот үкімінің заңдылығын қарастыру және адамға қатысты аса қауіпті қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту маңызды деп санайды.
Президент баланың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 13 шілдеде Сарыағаш полициясына жергілікті тұрғын 5 жасар қызы жоғалып кеткенін хабарлаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың мәйітін тапты.