Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген күдікті ұсталды

Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген күдікті ұсталды Сурет: интернеттен

Еркежанға айуандық жасаған күдікті 1975 жылы туған Гайнозаров Сайдолим.


13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жібек жолы ауылында жоғалып кеткен бүлдіршіннің денесі ауыл тұрғындарының бірінің үйінен табылған.



"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен қыздың жарақаттанған денесін тапты", - делінген Сарыағаш аудандық полиция бөлімі таратқан хабарламада.



Департамент мәлім еткендей, бұл факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


Күдікті Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, қамауға алынды. Барлық жағдайлар анықталуда.


Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барған.


Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды.


Әлеуметтік желіде қазір күдіктінің өзге ұлт өкілі екені баса айтылуда. Қылмыс ұлтқа бөлінбейді. Қоғам қылмыскердің лайықты жазасын алуын күтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:13

19:43

19:13

18:42

18:15

17:40

17:16

17:14

17:02

16:51

16:28

16:25

16:00

15:46

15:35

15:34

14:52

14:49

14:36

14:31

14:06

13:40

12:55

12:48

12:37