3 сәуір күнгі ауа райы болжамы

3 сәуір күнгі ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөз

Шығыста жел, оңтүстікте шаңды дауыл

«Қазгидромет» РМК 3 сәуір күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ксәіпорын таратқан деректерге қарағанда, ел аумағының көп бөлігі антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан күн жауын-шашынсыз болады. Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнайды. Республика бойынша оңтүстік – шығыста қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, батыста тұман болады деп күтілуде.

Жетісу, Жамбыл облыстарында жел тұрып, екпіні 30 м/с-ке жетеді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік сақталады.