Алматыда емделуші дәрігердің киімдерін ұрлап кеткен

Алматыда емделуші дәрігердің киімдерін ұрлап кеткен
Сурет: Babr24.com

Заттар иесіне қайтарылды.

Алматы ауруханасында ер адам дәрігердің күртешесі мен аяқ киімін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Медициналық көмек алған 30 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаннан кейінгі күні рұқсатсыз, өз еркімен ауруханадан кетуге шешім қабылдады. Бірақ науқастың жылы киімі және аяқ киімі болмағандықтан, ол қызметкерлер бөлмесіне кіріп, өзінің өлшеміне келетін  қолайлы киімдерді алған. Бұл хирург-дәрігердің заттары болып шықты. Бейнебақылау камераларының, сондай-ақ арнайы базаның көмегімен күдіктінің саусақ іздерін бақылау арқылы оның жеке басын нақты анықтау мүмкін болды. Қылмыскерді «ізін суытпай» ұстады, – деп хабарлады Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.

Оңай ақшаға әуес адам қаражатты жұмсап үлгерді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып жатыр. Ұсталған адам жасаған іс-әрекетін жоққа шығармай, бірден мойындады.