Қазақстан қырғыз елшісіне "Достық" орденін табыстады

Қазақстан қырғыз елшісіне "Достық" орденін табыстады
Сурет: Gov.kz

Орден еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының Елшісі Жээнбек Кулубаевқа екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін берілген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді еліміздегі дипломатиялық миссиясын аяқтаған Қырғыз Республикасының Елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған аса жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Министр Елшіге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге қосқан үлесі үшін II дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.