Сәуір айында Алматының 39 көшесінде жаңа шамдар пайда болады

Сәуір айында Алматының 39 көшесінде жаңа шамдар пайда болады
egemen.kz

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев көшені жарықтандыру мәселелерін көтерді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қала басшысы 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Түрксіб ауданының 100 ішінара жарықтандырылмаған көшесінде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атады. 61 көшеде жарық қосылған, қалған көшелердің жұмыстары 2023 жылдың жылдың сәуір айында аяқталады.

Наурыз айында ұзындығы 7,5 км болатын 2 магистралды көшенің сыртқы жарықтандыру желісін жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Тұрғындардың өтінімдері бойынша осы жылдың соңына дейін «Әлмерек», «Нұршашқан», «Жасқанат» шағынаудандарында, Енисейская, Баканская, т.б. көшелерде 80 учаске бойынша қосымша сыртқы жарық желісін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді.