ҚР СІМ басшысы ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті

ҚР СІМ басшысы ресейлік әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
inform.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР СІМ-нен мәлім еткеніндей, министрлер ағымдағы жылға арналған екіжақты іс-шаралар кестесін және Қазақстан-Ресей қатынастарының халықаралық шарттар базасын кеңейту жолдарын талқылады.