Алматыда жаңа тұрғын үй кешендері, жатақханасы бар кәсіптік-техникалық мектеп және балабақшалар салынады

Алматыда жаңа тұрғын үй кешендері, жатақханасы бар кәсіптік-техникалық мектеп және балабақшалар салынады
almaty-akshamy.kz

Алматылықтар жайлы және абаттандырылған аудандарда тұратын болады. Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде жаңа нысандар салу және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Сапар Нұрашев ведомство тарапынан 102 жоба әзірленіп жатқанын, оның 27-сі бойынша сараптама қорытындысының алынғанын хабарлады.

"Жас Қанат" шағынауданында алты көп пәтерлі тұрғын үй, "Нұркент" және "Шұғыла" шағынаудандарында инновациялық шығармашылық орталықтарын, сондай-ақ "Зерделі" шағынауданында 380 орындық жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Бұлардан өзге, №9, 15, 80, 122, 131, 141 мектептерін, «Білім-инновациясын» сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, "Ақжар" шағынауданында 320 орындық және "Айнабұлақ-4", "Саялы-2" шағынаудандарында әрқайсысы 160 орындық үш балабақша салынады», - деп хабарлады спикер.

Жайлы қалалық орта басқармасының жоспарында №70 бөбекжай-балабақша мен Стахановский көшесіндегі балабақшаны сейсмикалық нығайту және күрделі жөндеу жұмыстары тұр.

Сапар Нұрашев 30 көп пәтерлі тұрғын үй мен 18 денсаулық сақтау нысанынан тұратын 48 жобаны жобалаудың аяқталып қалғанын.

«Келесі жылға біз «Қалқаман-2» ТК жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп жатырмыз. Жобаға сәйкес, осы қала құрылысы торабында бес қабатты 20 үй салу жоспарлануда. 160 орынды балабақшаның  жобасы әзірленуде», - деді Сапар Нұрашев.

Болашақта 2023-2024 жылдары денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша бірқатар ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаларға төрт емдеу мекемесі, үш емхана, сегіз отбасылық-дәрігерлік амбулатория кіреді. Бүгінде барлық жобалар жобалау кезеңінде. Олардың арасында "Медеу" ауданындағы онкологиялық орталығы бар көпсалалы аурухана, ЖИТС орталығының бөлімшесі бар хоспис, №2 қалалық балалардың клиникалық ауруханасының корпусы, Ахрименко көшесіндегі ерте араласу орталығы, "Қарағайлы", "Жас Қанат" шағынаудандарындағы емханалар және басқалар бар.