Климаттың өзгеруі ұлттық экономиканы құлдыратады

Климаттың өзгеруі ұлттық экономиканы құлдыратады
BAQ.KZ

Бұл туралы БҰҰ, Ұлыбритания және Италия елшілігі еліміздің жастарымен өткен кездесу барысында Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори мәлімдеді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Baq.kz сілтеме жасап.

Климаттың өзгеруі қатты байқалады. Ол өзгерістер жылыну, су басу, орман өрттері мен құрғақшылықты тудырып, жануарлар мен өсімдіктердің жоғалып кетуіне себеп болуы мүмкін. Оның салдарын Қазақстаннан да байқап отырмыз. Ауа райының төтенше жағдайлары салдарынан болатын шығындар да өсуде. Ол 330 млрд АҚШ долларын құрайды. Климаттың өзгеруі ұлттық экономиканы құлдыратып, миллиондаған адамның өміріне ықпал етеді, - деді Микаэла Фриберг-Стори.

Оның айтуынша, әлем елдеріне жаһандық температураның 2,7 Цельсий градусқа апатты түрде арту қатері төніп тұр.

Сол себепті климатты қалпына келтіру үшін шамамен 20% инвестиция «жасыл» экономиканы қолдауға бағытталатын болады. Егер біз көміртектің жаһандық шығарындысын 45%-ға қысқартпасақ, арада 100 ай өткенде, яғни 2030 жылға қарай 1,5 градус температурамен болашаққа қол жеткізу қиын, - деп атап өтті БҰҰ тұрақты үйлестірушісі.