Ресми хабарлама.  Алматы әкімдігі танымал туристік бағыттан бас тартуға шақырады

Ресми хабарлама.   Алматы әкімдігі танымал туристік бағыттан бас тартуға шақырады
gorny-club.k

Сол Талғар шатқалындағы селге байланысты «Үлкен Алматы айналма жолына» өту қазіргі таңда қолжетімсіз, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

2021 жылғы 27 шілдеде Сол Талғар шатқалында туристер үшін қауіпті кедергіге айналған сел тасқыны болды. Атап айтқанда, Үлкен Алматы көлінен Турист асуы арқылы "Үлкен Алматы айналма жолы" бағыты бойынша өтуге шешім қабылдағандар үшін. 

Төтенше жағдайларды болдырмау үшін, Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына туристік бағыттың жоғары қауіптілігіне байланысты ол бойынша өтуден бас тартуды ұсынады.

Айта кету керек, мұндай күрделілікті қажет ететін 2-3 күндік туристік бағыттарға  дайындық пен туристік жабдықтар қажет. 2GIS офлайн-навигаторында танымал туристік бағыт құлаған селге байланысты «жабық» екендігі туралы ескерту жасалады.

«Үлкен Алматы айналма жолы» туристік бағыты Іле Алатауындағы ең танымал треккинг-бағыттардың бірі. Ол Шымбұлақ тау шипажайынан Үлкен Алматы көліне дейін Талғар және Турист асулары арқылы өтеді. Маршрут бойынша екі бағытқа да өтуге болады.

Алматы қаласының құтқару қызметі қала тұрғындары мен туристерге таудағы қауіпсіздік техникасын сақтауды ұсынды.

Таудағы қарапайым жүріс-тұрыс ережелерін еске саламыз:
1. Тауға барарда өз күшіңізді бағытқа байланысты дұрыс есептеңіз. Дайындық деңгейі бойынша бағытты таңдаңыз.
2. Тауға барар алдында жақындарыңызға нақты бағытты айтыңыз. Туыстарыңыз сізді қайдан іздеу керектігін білуі керек.
3. Тауларда соқпақтан шықпаңыз. Жолды қысқартуға тырыспаңыз.
4. Егер бағыт бойынша көтерілу қиындаған жағдайда, артқа қарай төмен түсіңіз. Ең бастысы - оралу.

Құтқару қызметінің нөмірі - 109.