Ресей Әскери академиясының түлегі ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды

Ресей  Әскери академиясының түлегі ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды
gov.kz
ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен генерал-майор Жазықбаев Шайх-Хасан Сатарқұлұлы ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Қазақстан армиясында генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери училище курсантынан бастап "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына дейінгі лауазымдық жолдан өтті. Әр жылдары ол жауынгерлік және бітімгерлік дайындық бойынша жауапты қызметтер атқарды. Ол бірнеше әскери бөлімдердің командирі, штаб бастығы – "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

1999 жылы Пенза жоғары артиллериялық инженерлік училищесін үздік бітірді, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университетін, 2019 жылы Ресей Федерациясы ҚК Бас штабының Әскери академиясын бітірді.