Референдум кезінде эпидемиологиялық жағдайға қарай Ashyq қолданылуы мүмкін

Референдум кезінде эпидемиологиялық жағдайға қарай Ashyq қолданылуы мүмкін
Cурет: Inbusiness.kz

Қазақстандықтар 5 маусымда өтетін референдумда дауыс беру үшін Ashyq қосымшасын қайта пайдалануы мүмкін.

Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Референдум 5 маусымда, яғни бір айдан кейін өткізілетінін ескере отырып, референдум өткізілетін күні коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жеке қаулысында көрсетіледі және әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Эпидемиологиялық жағдай күрделенсе, аумақтық референдум комиссиясының мүшелерін вакциналау туралы құжаттық растамасы болса ғана сайлау учаскелеріне жіберуге бағытталған қосымша шаралар енгізіледі», - деді Есмағамбетова Орталық сайлау комиссиясының отырысында.

Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдай асқынған жағдайда қолданылатын қосымша шараларға сайлау учаскелеріне кіре берісте Ashyq қосымшасын қолдану, сондай-ақ маска тағу режимін сақтау, дезинфекция құралдарын қолдану, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау кіреді.