QazCovid-in вакцинасы бес дозаға дейін құйылады

QazCovid-in вакцинасы бес дозаға дейін құйылады
almaty-akshamy.kz

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында қаулысын толықтырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Жаңа құжатта «QazCovid-in» (қазіргі «QazVac») вакцинасының сипаттамасы жазылған.

«ҚР БМСД №28 Қаулысы мынадай мазмұндағы 58-1-тармағымен толықтырылсын: «QazCovid-in» вакцинасын шығару нысаны: 0,5 мл (бір доза), 1,0 мл (екі доза), 1,5 мл (үш доза), 2,5 мл (бес доза), сыйымдылығы 3 мл, резеңке тығынмен тығындалған және Flip-off типті пластикалық қақпағы бар металл қалпақпен оралған, Ι класты мөлдір шыныдан жасалған құтыда.

Вакцинаның ашық құтысы асептика жағдайларының бұзылу қаупіне байланысты ашылғаннан кейін сақталмайды және бірден пайдаланылады. Вакцинасы бар көп дозалы құтыны ашу вакцинаның құйылуын барынша азайту үшін 3 немесе 5 (құтының көлеміне сәйкес) әлеуетті егілетін адамдар болған кезде ұсынылады».

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді», - делінген құжатта.