Елордада зымыран құрастыру турнирінің финалы өтті

Елордада зымыран құрастыру турнирінің финалы өтті
Сурет: Радмир Фахрутдинов

Елордада жоғары сынып оқушылары арасында QazAstroShift алғашқы зымыран құрастыру республикалық турнирінің финалы өтті.

Турнир жеңімпаздары AITU және ҚБТУ-да оқу гранттарын, Ұлттық ғарыш орталығында тағылымдамадан өту мүмкіндігін және құнды сыйлықтарды жеңіп алады.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, NASA халықаралық байқауының жеңімпазы Абілбек Райымбек және басқа да құрметті қонақтар сөз сөйледі. Турнирдің жеңімпаздарын әділқазылар алқасы 27 шілде күні хабарлайды.


Айта кету керек, турнирдің демеушілері: Fortebank, ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы, Марвин, USTEM Robotics, РФММ, Mergen Media, EPAM Kazakhstan, AITU, ҚБТУ.