Президенттің кеңесшісі де коронавирусқа шалдығыпты

Президенттің кеңесшісі де коронавирусқа шалдығыпты
Сурет: Аqorda_resmi

Кеше мәжілістің отырысына қатыспаған палата төрағасы Ерлан Қошановтың вирус жұқтырғанын хабарлағанбыз.

Бүгін депутат Дәулет Мұқаев  инстраграмда  Парламенттің маскалық режимге көшкенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстан президентінің кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирус жұқтырыпты. Осыған байланысты ол  еңбек демалысында.

"Президенттің кеңесшісі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың ПТР тесті оң нәтиже бергенін және қазір еңбек демалысында екенін растаймыз", - деп хабарлады сәрсенбіде ҚР президентінің баспасөз қызметі.