Президент Тоқаев Мемлекеттік Тудың мәні туралы айтты

Президент Тоқаев Мемлекеттік Тудың мәні туралы айтты
Сурет: Almaty-akshamy

БҰҰ төрінде желбіреген туымыз – бәріміздің мақтанышымыз.

Еліміздің барша азаматтарын біріктіріп, ортақ іске жұмылдыратын тағы бір символ – Мемлекеттік Ту. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде айтты, деп хабарлайды Almaty-alshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еліміздің барша азаматтарын біріктіріп, ортақ іске жұмылдыратын тағы бір символ – Мемлекеттік Ту. Егемен елдің аспанында, Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреген туымыз – бәріміздің мақтанышымыз. Қазақстанның көк байрағы ғарышқа сапар шекті, ең биік шыңдарда желбіреді. Туымызға арналған керемет әндер, өлең-жырлар бар. Әрбір азаматымыз оларды тыңдаған сайын ерекше рухтанады. Спортшыларымыз әлемдік жарыстарда Туымызды көтеріп, Әнұранымызды шырқап жүр. Олардың көк Туымызға деген ерекше құрметі барша әлемді тәнті етуде. Бұл – нағыз отаншылдықтың белгісі. Шынайы отансүйгіштік әрбір азаматымыздың бойында бар», - деді Мемлекет басшысы.