Президент Елтаңба авторын мерейтойымен құттықтады

Президент Елтаңба авторын мерейтойымен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.

Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі», - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.