Президент банктерге талап күшейетінін айтты

Президент банктерге талап күшейетінін айтты
Сурет: Kazislam.kz

Мемлекет басшысы кең көлемдегі сұхбатында несиеге белшеден батқан бұқараның базынасына да тоқталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл мәселе жұрттың әлеуметтік жағдайына және еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығына тікелей әсер етеді – деді ол. Президент, біріншіден, халықтың қаржылық сауатын арттыру, екіншіден, тұтыну несиесін беру тәртібі мен  коллекторлық ұйымдар қызметін қатаң реттеу керегін айтты.

Борышкерлер құқығын қорғау үшін несие беру туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер әзірленді. Бұл өзгерістер банктерге, микрокредит ұйымдарына және коллектор агенттіктеріне талапты одан әрі күшейте түседі.

«Банк омбудсменінің өкілеттігі де кеңейтіледі. Қазір бұл құжатты Мәжіліс депутаттары қарап жатыр. Мен бұл бастаманы қолдауға дайынмын», – деді президент.