Премьер Министр өңір басшыларына егін жинауға қатысты тапсырма берді

Премьер Министр өңір басшыларына егін жинауға қатысты тапсырма берді
Сурет: Іnbusiness.kz

Астық ору жайы пысықталды.

Үкімет басшысы Асқар Мамин өңір басшыларына егін жинауға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 24.kz-ке сілтеме жасап.

Елде астық жинау осы айдың аяғында басталады. Маңызды науқанға тыңғылықты дайындалу керек. Асқар Мамин өңір басшыларына осыны жүктеді. Елдегі қоймаларға 27 миллион тоннадан аса астық сақтауға мүмкіндік бар. Үкімет басшысы құрғақшылыққа қарамастан биыл астық тапшылығы болмайды деп сендірді.

Одан бөлек батысқа және Сыр өңіріне жем-шөп жеткізу мәселесі реттелгенін айтты.