«Pfizer» вакцинасын 350 852 жасөспірім салдырған

«Pfizer» вакцинасын 350 852 жасөспірім салдырған
Cурет: Ашық дереккөз

Жүкті әйелдерге вакцина салу жалғасып жатыр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылғы 15 қаңтардағы деректер бойынша «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 436 344 адам, ІІ-ші дозасын 224 074 адам салдырды.

Оның ішінде:
І-ші компонентімен
Жасөспірімдер – 350 852,
Жүкті әйелдер – 24 192,
Бала емізетін әйелдер – 61 260.
ІІ-ші компанентімен
Жасөспірімдер – 180 724,
Жүкті әйелдер – 11 808,
Бала емізетін әйелдер – 31 530.