Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама қоржынында 11 жолдама бар

Паралимпиада-2024: Ұлттық құрама қоржынында 11 жолдама бар
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

 2024 жылғы 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде (Франция) XVII Паралимпия ойындары өтеді.

Жарыс спорттың 23 түрінен ұйымдастырылады. Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 9 түрінен (пара жеңіл атлетика, пара пауэрлифтинг, пара таеквондо, пара үстел теннисі, пара жүзу, пара дзюдо, пара каноэ, отырып ойнайтын волейбол, пара нысана көздеу) өнер көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Осы уақытқа дейін паралимпиадашылар 11 лицензия жеңіп алды: отырып ойнайтын волейболдан ерлер құрамасы – 1, пара жеңіл атлетика бойынша ядро лақтыру – 1, пара жүзу – 3, пара каноэ – 1, пара пауэрлифтинг – 1, пара таеквондо – 3, пара нысана көздеу – 1. Сонымен қатар биыл Паралимпиадаға лицензия беретін 23 спорттық іс-шара жоспарланған. Айта кету керек, Токио-2020 Паралимпиадасына Қазақстан ұлттық құрамасының 25 спортшысы қатысып, 5 медаль (1 алтын, 3 күміс және 1 қола) ұтып алған. Еліміз жалпыкомандалық есепте 48-орында тұр.