Жапондық көліктердің бағасы түсті

Жапондық көліктердің бағасы түсті
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Қытай автоөндірісшілерінің қарқыны көлік бағасына өзіндік әсерін тигізіп келеді. Алдымен неміс брендтерінің бағасы құлдыраған болса, енді жапон елінің көліктері арзандай бастағанын байқалды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Мәселен,  саудасы құлдырап кеткен Toyota Қазақстан дилеріне де қытай өндірісшілері сияқты көлік бағасын 35 пайызға түсіруге тура келді.

Бұрынғы бағасы 15 290 000 теңге тұрған Toyota C-HR – 11 074 000 теңгеге;

17 300 000 теңге болған Toyota Camry – 13 121 000 теңгеге;

20 190 000 теңгелік Toyota RAV4 – 16 230 000 теңгеге;

22 920 000 теңге тұрған Toyota Hilux – 18 290 000 теңгеге;

24 110 000 теңгелік Toyota Cruiser Prado – 19 800 000 теңгеге түскен.