Папа ауырып қалды

Папа ауырып қалды
Сурет: Forbes.ru

Оны дәрігерлер тексеріп жатыр.

Рим Папасы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Интерфакстің» мәліметіне қарағанда, Рим Папасы Франциск Римдегі "Джемелли" клиникасына жоспарлы тексеруге жатқан.

"Понтифик Джемелли клиникасына медициналық тексеруге жатқызылды", - деп хабарлады АНСА агенттігі.

2021 жылдың жазында ол ішек операциясынан кейін осы клиникада 10 күн бойы емделген.