Пандемияның балаларға кері әсері қандай?

Пандемияның балаларға кері әсері қандай?
Сурет: Russian.rt.com

Коронавирус балалардың мінез-құлқына кері әсер етуде

Коронавирустың салдары ұзақ жылдарға дейін сақталуы мүмкін. ЮНИСЕФ ұйымы осындай қорытынды жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, кейінгі 18 ай балалар үшін оңайға соқпаған. Өйткені шектеу шаралары оларды үйреншікті өмір салтын өзгертуге мәжбүр етті. Достары мен жақындарынан алшақтады. Сондай-ақ жасөспірімдер арасында коронавирусқа байланысты отбасының амандығы мен өздерінің болашағы үшін алаңдайтындар аз емес. Енді мамандар балалардың денсаулығымен қатар психикасына да көп көңіл бөлуге шақырып отыр.

Жалпы, Лондон экономика мектебі өкілдері жастардың психикалық ауытқулары салдарынан жыл сайын келтірілетін материалдық шығынды 390 миллиард доллар деп бағалаған.