Өзбекстан азаматы Алматы облысында 105 малды ұрлап кеткен

Өзбекстан азаматы Алматы облысында 105 малды ұрлап кеткен
Сурет: 24.kz

 Ол 78 малды сатып үлгерген.

105 бас қойы жоғалған Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны 25 қазанда Жамбыл ауданы полициясының кезекші бөліміне арызданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Мал иесінің айтуынша, қойлары 22 қазан күні түнде жайылымнан ұрланған. 

«Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша тіркелді. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған шаруа қожалықта малшы болып жұмыс істеген Өзбекстан азаматы күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Күдікті сеніп тапсырылған 80 бас малды жүк көліктерін жалдап, көршілес Жамбыл облысының Шу қаласындағы мал базарында 78 басын 3 276 000 теңгеге саудалағаны белгілі болды. Сонымен қатар ұрланған 25 бас қой табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат бұлтартпас дәлелдерден кейін өз кінәсін толық мойындады»,- деді Жамбыл аудандық ПБ бастығы Асхат Данияр.

Табылған мал заңды иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.