Өткен тәулікте сегіз қазақстандық COVID-19 жұқтырған

Өткен тәулікте сегіз қазақстандық COVID-19 жұқтырған
Сурет: Inform.kz

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 723 жетті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 8 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында 3, Алматы қаласында 3, Қарағанды және Павлодар облыстарында бір-бір адамнан індет табылған.