Өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

Өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

2 пациенттің ахуалы өте ауыр

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 85 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«29 қарашадағы мәлімет бойынша елімізде 987 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 161 пациент стационарда, 826 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ-ге шалдыққандардың арасында 8 сырқаттың жағдайы ауыр, 2 пациенттің ахуалы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.