Өткен тәулікте 45 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте 45 адам коронавирус жұқтырды
сурет: ашық дереккөзден алынды

2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

2 сәуірдегі мәлімет бойынша, өткен тәулікте 45 адам коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

 1 790 адам коронавирус инфекциясынан (–1 611+ және 179 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 179 пациент стационарда, 1 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 3 адамның жағдайы ауыр,
• 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.