Өткен айда 1,1% инфляция болды

Өткен айда 1,1% инфляция болды
Сурет: Inbusiness.kz

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты.

Азық-түлік бағасында – 1,4%, азық-түлік емес тауарларда – 0,9%, ақылы қызметтерде 0,7% инфляция болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында (2,2%), Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында – 1,8%, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ұлытау облысында 1,5% құрады.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі жыл басынан бері 1,7% болды. Жыл басынан бері ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау, Ұлытау облыстарында және Астана қаласында байқалды. Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пиязда (22,5%), күріште (5,2%), қырыққабатта (4,1%), сүт және сәбізде (3,1%), картопта (3,0%), рожкиде (2,6%) байқалды", - деді ведомство басшысы.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын реттеу жөніндегі шараларды талдау барысында Маңғыстау облысында бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға көзделген 3,6 млрд теңгенің 2 млрд теңгесі іске қосылмағаны анықталды.

"Ұлытау облысы да - бағаның өсуі бойынша көшбасшы. Ал, Астана қаласында "айналым схемасы" тетігі бойынша қаржыландырудың бөлінген сомасы 14 млрд теңгені құрайды, бірақ өңір өткен жылдың қорытындысы бойынша да, жыл басынан бері де бағаның өсуі бойынша көшбасшылар үштігінде қалып отыр", - деп атап өтті Серік Жұманғарин.