Мемлекеттік қызметшілердің табысы мен шығыны бақылауға алынуы мүмкін

Мемлекеттік қызметшілердің табысы мен шығыны бақылауға алынуы мүмкін
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Енді мемлекеттік қызметшілердің табысы мен шығыны да бақылауға алынуы мүмкін.

Мәжіліске түскен заң жобасында шенеуніктердің табысы мен шығыны арасында айырмашылық байқалса, оларға санкция салынатыны көрсетілген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Яғни айырмашылық 1 000 айлық есептік көрсеткіштен асса, оған сол айырмашылықтың 90%-на тең болатын айыппұл салынады. Ал шығын мен кіріс арасындағы табыс мемлекеттік қызметкердің жылдық табысынан асып кетсе, ол қызметінен босатылады. Бақылау мемлекеттік қызметкердің декларациясына ғана емес, туыстары мен отбасы мүшелерінің шығынына да жүргізіледі.