Азық-түлікке мұқтаж адамдар қатары өсіп келеді

Азық-түлікке мұқтаж адамдар қатары өсіп келеді
travelask.ru

Әлемде 190 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығын өткір сезініп отыр, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Халықаралық қауымдастыққа қарасты Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының есебіне сәйкес, тамаққа мұқтаж адамдар қатары былтырғыға қарағанда 40 миллионға өскен.

Аталаған зерттеу бойынша, азық-түлік тапшылығына коронавирус, табиғи апаттар, әртүрлі қақтығыстар мен экономиканың әлсіреуі себеп болған.