Отбасында ойран салатындардың кесірінен екі жылда 300 адам қайтыс болған

Отбасында ойран салатындардың кесірінен екі жылда 300 адам қайтыс болған
Сурет: Sputnik.kz

Бұл туралы Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі мәліметінде айтылған.

Атап айтқанда, қазір уәкіл кеңсесі тұрмыстағы әрі отбасындағы зорлық-зомбылық пен әйелдердің құқықтарын бұзу мәселелеріне талдау жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Бұл мәселе бүкіл әлемде өте өзекті. 736 миллион әйел түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырады. Оның 640 миллионнан астамы (87%) - 15 жастан асқан қыздар мен әйелдер. Тек кейінгі екі жарым жылда елімізде отбасындағы агрессорлар 300 адамның өліміне себепкер болды. Денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 913, ал денсаулыққа орташа зиян келтірудің 837 жағдайы тіркелді. 37 мыңнан астам адам түрлі жауапкершілікке тартылды», - делінген уәкіл кеңсесі мәліметінде.

Сарапшылардың айтуынша, тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың негізгі себептеріне әлеуметтік-экономикалық факторлар және қоғамдағы гендерлік стереотип мәселесі әсер етіп отыр.