ОСК Бақыт Жаңабаевты Президенттікке кандидат ретінде тіркемеді

ОСК Бақыт Жаңабаевты Президенттікке кандидат ретінде тіркемеді
Сурет: Ашық дереккөзі

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке Бақыт Жаңабаевтың кандидатурасын тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, қолдауға 58 889 қол жиналды, тексеру нәтижелері бойынша 4 054 қол танылды. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 1%-дан азын құрайды. Осылайша, «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағының кандидатты қолдауға сайлаушылар қолының қажетті саны туралы талабы орындалмады», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина отырыс барысында.

Еске салайық, Бақыт Жаңабаев үміткерлерді тіркеудің соңғы сәтінде құжат тапсырған болатын. Оның кандидатурасын «Қазақстан әуесқой футболшыларының» қоғамдық бірлестігі ұсынған.