Оралда жол апатынан 33 жастағы жүргізуші мерт болды

Оралда жол апатынан 33 жастағы жүргізуші мерт болды
сурет:stan.kz

Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оралда жол апатынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz POLISIA.KZ сілтеме жасап.

5 ақпан сағат 02:30 шамасында Орал қаласы Әбілқайыр хан даңғылында Toyota Camry автокөлігін тізгіндеген 28 жастағы жігіт 33 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Ауди-80 маркалы автокөлігіне соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Audi жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Toyota жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.