Оңтүстік Африкада су тасқыны құрбандарының саны 340 адамнан асты

Оңтүстік Африкада су тасқыны құрбандарының саны 340 адамнан асты
Сурет: Sia.az

Келтірілген шығын 52 миллион доллар деп бағаланды.

Оңтүстік Африка Республикасындағы Квазулу-Натал провинциясындағы су тасқыны салдарынан кем дегенде 341 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty-akshay.kz Interfax.ru сілтеме жасап.

Жергілікті билік құрбандар саны артады деп болжап отыр, өйткені қазірге дейін ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқару операциясына көмектесу үшін Оңтүстік Африканың ұлттық қорғаныс күштері тартылды.

Этеквини қаласының губернаторы Мксолоси Каунда су тасқынынан муниципалитет пен көрші Дурбан қаласына келтірілген шығын 52 миллион доллар деп бағалады.Табиғат салдарынан Дурбан мен Этеквини қалаларында су мен электр қуаты үзілді, оларды қалпына келтіру кемінде бір аптаға созылады. Жаңбыр жалғасады деп күтілуде.

Бұған дейін Дурбандағы су тасқыны салдарынан 306 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Синоптиктердің мәліметінше, Квазулу-Наталдың кейбір өңірлерінде  48 сағат ішінде 450 мм-ден астам жауын жауған, бұл жылдық көрсеткішпен салыстырғанда 1009 мм.