Өндірісті дамытуға инвестиция салынбай жатыр

Өндірісті дамытуға  инвестиция салынбай жатыр
almaty-akshamy.kz

Өндірісті дамытуға және жаңғыртуға қажет инвестиция салынбай жатыр. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Үкімет халықаралық қаржы институттарымен, трансұлттық корпорациялармен және отандық кәсіпкерлермен арадағы сындарлы диалогты нығайта түсуі қажет. Жалпы, еліміздің болашақтағы индустриялық келбеті қандай болады, қандай кәсіпорындар маңызды рөл атқарады деген сауалдарға жауап болуға тиіс. Яғни, уақыттың талабына сай белсенді жұмыс істеу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, келесі маңызды міндет бұл – қазіргі өндіріс орындарын түбегейлі жаңғырту мәселесі.

«Бұл жұмысты, ең алдымен, әбден тозған металлургия комбинаттарынан бастау керек. Өйткені, ондағы жағдай өте нашар деуге болады. Себеп – бәрімізге белгілі. Өндірісті дамытуға және жаңғыртуға қажетті инвестиция салынбайды. Соның салдарынан дайын өнімнің қосылған құны төмендейді, сапалы жұмыс орындары азаяды», - деді Мемлекет басшысы.